
Абай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 42 жоба жүзеге асырылуда. Мұнда мектептер мен ауруханалар жөнделеді, жолдар ретке келтіріледі, жылу және су құбырлар желілері салынады. Аудан әкімі Бауыржан Асанов онлайн-баспасөз мәслихатында жұмыстың қалай алға жылжып жатқандығы туралы айтып берді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Абай ауданына 1 млрд 362 млн теңге бөлінді. Жұмыстар төрт бағыт бойынша жүргізілуде: әлеуметтік-мәдени тұрмыстық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көлік желілерін жөндеу және абаттандыру.
- Абай қаласы мен Абай ауданының 9 білім беру мекемесі мен орталық ауруханаларында күрделі жөндеу жүргізіледі. Сәрепті және Топар кенттерінде жолдарды орташа жөндеу және жарықтандыру жұмыстары аяқталды, - деді Бауыржан Асанов.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 349 адам жұмыс істейді, оның 177-сі Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасады.
Аудан әкімі пандемия кезінде карантиндік шараларды сақтаудың маңыздылығын еске салды.
- Статистика көрсеткендей, облыста және ауданда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себебі – санитарлық талаптардың сақталмауы. Адамдар отбасылық іс-шараларға баруды, қоғамдық көлікті аса қажетсіз пайдалануды жалғастыруда. Барлықтарыңызды мүмкіндігінше үйде қалуға, маска киюге, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамын, - деді ол.
Бүгінгі күні Абай ауданында 282 COVID-19 жағдай тіркелген.