
№ 2 Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері бір мезгілде шахмат ойыны бойынша республикалық челленджге қатысты.

Шара елдегі мектептерді, мектептен тыс ұйымдарды және колледждерді біріктірді.

Жаппай шахмат ойындары онлайн режимінде көрсетілді.

№ 2 Оқушылар сарайынан челленджге 40-тан астам бала қатысты.

Алтыншы сынып оқушысы Әлинұр Қасен "Ход королём" үйірмесінде екінші жыл айналысады. Ойын оған логикалық ойлауды дамытуға көмектеседі.
– Шахмат өте пайдалы ойын. Ол оқуға да көмектеседі. Бұрын мен математика, логика бойынша сәл қиналатынмын. Шахмат логиканы дамытуға көмектесті, мен математикадан да жақсардым. Қазір менде үшінші разряд бар. Менің інім Әлихан да ойынға қызығушылық танытты, ол да үйірмеге барады және біз үйде бірге ойнаймыз, – дейді Әлинұр Қасен. – Болашақта мен спорт шебері болып, балаларды жаттықтырғым келеді.

Оныншы сынып оқушысы Олжас Совет те үшінші разрядқа ие. Ол жаттықтырушының арқасында бір жыл ішінде осындай жетістіктерге жеткенін мойындайды.
– Ерғазы Әбубәкірұлы Әлімжанов – спорт шеберіне кандидат, шахматтан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Біз оның үйірмесіне қосыла алғанымыз үшін өте бақыттымыз, – дейді Олжас. – Ол бізге стратегиялық ойлауды, жоспарлауды, қимылдарды алдын ала ойластыруды үйретті. Ойынның арқасында менің есте сақтау қабілетім жақсарғанын байқадым. Ойын ересек кезде де пайдалы болатыны сөзсіз. Маған жаппай ойын челленджі де ұнады. Мұндай ойындар өзіңізді және әлсіз және күшті жақтарыңызды бағалауға көмектеседі.

№ 2 Оқушылар сарайында "Ход королём" үйірмесінде барлығы 90 бала айналысады. Сабақтар тегін өтеді.
