Ашық есік күні: мүгедектігі бар адамдар Қарағандыдағы мемлекеттік органдардың өкілдеріне сұрақтар қоя алады

Ашық есік күні: мүгедектігі бар адамдар Қарағандыдағы мемлекеттік органдардың өкілдеріне сұрақтар қоя алады

Қарағанды қаласындағы Qamqor Plus мүгедектер ҚБ Ten Qogam мүгедектерді әлеуметтік бейімдеу орталығында 26 сәуірде Ашық есік күні өтеді. Өз сұрақтарыңызды мемлекеттік органдардың өкілдеріне қоюға болады.

Іс-шараға келесі мекемелердің өкілдері қатысады:

- жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;

- Денсаулық сақтау басқармасы;

- Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті;

- Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;

- Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі;

- Қарағанды қаласының еңбек ұтқырлығы орталығы.

Басталуы сағат 15.00-де.

Ten Qogam мекен-жайы: Тәттімбет көшесі, 709, 5-кеңсе.

Байланыс телефондары: +7-777-540-44-94, (8-7212) 36-14-74.