Қарағандыда алғаш рет VOICE OF QARAGANDY – 2024 эстрадалық әндерін орындаушылардың қалалық байқауы ұйымдастырылды. Ол қаланың 90 жылдығына арналған. Шараға 16–30 жас аралығындағы барлық адамдар қатыса алады. "Шабыт" Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Назрин Мұса жеңімпаз атанды.
Конкурсқа қатысуға 60 адам өтінім берді, оның 16-сы ақтық сайысқа өтті. Эстрадалық әндерді орындаушылардың қойылымдарын ТОР BAND вокалды-аспаптық тобы сүйемелдеді.
– Байқаудың бас жүлдесі – 500 мың теңге. Бұл жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жігер беретін қолдау. Біздің байқауымыздың танымалдылығына ықпал ететін басқа да сыйлықтар болды. Қатысушылардың жасы – 16-дан 30 жасқа дейін. Олардың барлығы қалалық және облыстық іс-шараларға шақырылады, ал жеңімпаздар республикалық және халықаралық конкурстарға ұсынылады. Биыл "Азия дауысы" халықаралық фестивалінің "Жас қанат" жобасына 30 жыл толады. Біздің байқауымыздың екі жүлдегері 6 маусымда өтетін "Жас қанатта" өз күштерін сынап көреді, – деді ұйымдастырушылардың бірі – Қарағандыдағы "Азия дауысы" халықаралық фестивалінің ресми өкілі Думан Баймағамбетов.
"Шабыт" Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Назрин Мұса жеңімпаз атанды. Ол 500 мың теңге алды.
Екінші орын және 300 мың теңге Топар кентінің музыка мектебінің оқушысы Радмила Рашеваға берілді.
Үшінші орын мен 100 000 теңгені "Шабыт" Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Балнұр Қанатова мен қарағандылық аспаз Андрей Сергеев өзара бөлісті.
Қазақ ұлттық өнер университетініғ студенті Жанасыл Елубаев Қарағанды әкімінің арнайы сыйлығы – 200 мың теңге алды.
Байқау жүлдегерлер мен қазылар алқасының қатысуымен гала-концертпен аяқталды.
Шығармашылық жарыстар "Ашық микрофон" жобасы аясында Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.