Лучшего наставника определили в Департаменте полиции Карагандинской области

Лучшего наставника определили в Департаменте полиции Карагандинской области

Қарағанды облысының полиция департаментінде "Үздік тәлімгер" атты байқау өтті. Қарқаралы ауданының полицейі жеңімпаз атанды.

Байқауға департаменттің барлық бөлімшелерінен 23 қызметкер қатысты. "Үміткерлер үшін қойылған шарт – өз қызметтік міндеттерін адал орындауы еді. Сонымен қатар, олар кем дегенде екі жас қызметкерді кәсіби қызметке дайындауы керек болды", – делінген Polisia.kz порталында.

Байқау екі кезеңде өтті. Біріншісінде ең үздік тәлімгерлер тікелей бөлімшелердің өзінде таңдалды. Содан кейін жеңімпаздар екінші кезеңге қатысуға жіберілді, онда атыс және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру және ҚР заңдарын білу бойынша тестілеуден өтуі қажет болды.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша "Үздік тәлімгер" атағы Қарқаралы ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімінің бастығы полиция аға лейтенанты Болат Нұрмағанбетовке берілді. Оған вымпел және ІІМ символикасы бар қол сағаты табысталды.