
Бейсенбі, 18 сәуір, сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залында халықаралық байқаулардың лауреаты Рысты Рахымжанның "Ән арнаймын еліме!” атты шығармашылық кеші өтеді. Кеш қонағы – Италиядан келген тенор PALMIA Giovanni Maria.
Көрермендер алдында халықаралық байқаулардың лауреаттары Гүлмира Тапай, Азат Әбдіғалым, Шыңғыс Сәрсенбай, Гүлмаржан Сұлтанғалиева, сондай-ақ Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрі өнер көрсетеді.
А. Жұбановтың "Абай" операсынан Ажар ариясы, Ақан серінің "Гүлдерайым" және "Маңмаңгер" халық әні, Л. Хамидидің "Бұлбұл", Ә. Сағымбаевтың “Дайдидау”, И.Кальманның "Сильва" опереттасынан Сильваның ариясы, Г. Доницеттидің "O luce di quest 'anima", J. Maria Cano "Hujo de la Luna", Д. Пуччинидің "E lucevan le stelle" және т. б. орындалады.
Оркестрдің бас дирижері – Мәдениет үздігі Ерлан Бақтыгерей.
Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.