Шахтинск қаласында ЖҚЖК бойынша жол-құрылыс жұмыстарына 800 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

Шахтинск қаласында ЖҚЖК бойынша жол-құрылыс жұмыстарына 800 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

Шахтинскіде Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 2,5 млрд. астам сомаға 37 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жүмыспен қамту орталықтары арқылы 242 адам жұмысқа орналастырылды. Бірақ, жұмыс орындарының болуына қарамастан, жұмыссыз жүрген Шахтинск тұрғындары оларды атқаруға асықпайды. Бұл туралы қала әкімі Сержан Аймақов ZOOM платформасындағы онлайн-конференцияда мәлім етті.

- Шахтинск қаласында, сондай-ақ Долинка, Шахан және Новодолинский кенттерінде осы жылы 717 жұмыс орнын құрумен 2 млрд 572 млн теңгенің 37 жобасы жүзеге асырылады, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 348 адам тартылады, - деді Сержан Аймақов.

Қазіргі уақытта ЖҚЖК бойынша 340-тан астам адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік бар, алайда Шахтинск қаласының тұрғындары жұмыспен қамту орталығына баруға асықпауда. Ол жұмыссыздарды бағдарламаға қатысуға шақырды, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың басқа да түрлері туралы айтып өтті.

- Бүгінде жоғары біліктілікті талап етпейтін жұмысшы мамандықтардың тапшылығы сезіледі. Біз қалада құрылған жұмыс орындарын көрші өңірлерден келген азаматтар толтырып жатқанына көнуге мәжбүрміз. Сондай-ақ, Шахтинск қаласында жастар тәжірибесі, өз ісін ашуға гранттар беру, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту үшін шағын несие беру, қайта мамандандыру және жаңа мамандықты оқыту сияқты бағдарламалар да белсенді жұмыс істеуде, - деді қала басшысы. - Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту орталығы осы бағдарламаларға мұқтаж адамдарды іздейді және оларды ынтымақтастыққа шақырады.

Шахтинск қаласы әкімінің айтуынша, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы тек жұмыс орындарын ашуға ғана емес, сонымен қатар қаражат жетіспейтін мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы, биылғы жылы жол-құрылыс жұмыстарына 800 млн теңгеден астам қаржы бөлінген, ал осыған дейін бөлінген қаражатың көьемі 280-300 млн теңгеден аспайтын.

Сондай-ақ, қалада жыл сайын 5-тен 7-ге дейін аула абаттандырылуда, биылғы жылы бюджет тағы 12 ауланы ретке келтіруге мүмкіндік береді. Жаяу жүргіншілер жолдары, жарықтандыру, коммуналдық тұрғын үй қорын жөндеу бойынша да осындай жағдай.

- Білім беру саласына тоқталар болсақ, мектептердің 100%-ы, балабақшалардың 70%-дан астамы түрлі көздерден жұмылдырылған қаражатқа жөндеу жұмыстарын жүргізді. Мәдениет нысандарының 100%-ы ағымдағы және орташа жөндеуден өтеді. Біздің міндетіміз - барынша қысқа мерзімде барлық жоспарланған жұмыстарды қажетті сапамен жүргізу, - деп атап өтті Сержан Аймақов.

Сонымен қатар, Шахтинск қаласының әкімі карантиндік шараларды сақтаудың маңыздылығына назар аударды. Бүгінгі күні қалада КВИ жұқтырудың 109 жағдайы тіркелген, оның ішінде бір науқас көз жұмған.

- Тұрғындардың санитарлық қауіпсіздік шараларына, әсіресе қоғамдық орындарда толық жауапкершілікпен қарауын сұраймын. Естеріңізде болсын, барлық қажетті ережелерді сақтай отырып, сіздер өздеріңізді ғана емес, айналаңыздағыларды да қорғайсыздар. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! - деп Шахтинск әкімі Сержан Аймақов жерлестерін карантиндік шараларды сақтауға шақырды.