Майқұдық тұрғындары қалаға жылдам жете алады

Майқұдық тұрғындары қалаға жылдам жете алады

Күрделі жөндеуден кейін Майқұдық шағын ауданының орталық жолы анағұрлым кеңірек және ыңғайлы болмақ. Магнитогорский және К. Маркс көшелерінде осындай ауқымды жұмыстар алғаш рет жүргізілуде.

Ұзындығы 10,8 шақырымды құрайтын жол осыған дейін ешқашан күрделі жөндеуден өтпеген. Бұл жұмыстар екі кезеңмен өтеді. Ағымдағы жылы Сантехническая көшесінен Шахтерский шағын ауданына бұрылысқа дейінгі 7,5 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда, ал 2021 жылы жұмыстар жалғастырылып, абаттандырумен айналысады. Белгілер, жаяу жүргіншілер өтпелері орнатылып, нөсерлік кәріздерді қалпына келтіреді, үш қабат асфальтбетон төселеді, жарықтандыру ауыстырылады, бөлу жолақтары салынады, қауіпсіздік аралдарын жайғастырады, жаяу жүргіншілер жолдары абаттандырылады. Бұдан басқа, жолдың қауіпті учаскелерінде қосымша бағдаршамдар орнатылады.

Ауқымды жөндеу автобустарға арналған арнайы жолақтар құруға мүмкіндік береді. Майқұдықта алғашқы автобус желісі мен заманауи аялдамалар пайда болады, бірақ ол үшін жолдан ескі ағаштарды алып тастауға тура келеді. Олардың орнына мердігер ұйым жергілікті саябақта өтем ретінде бір ағаштың орнына бес жасыл желек отырғызады.

Барлық жөндеу жұмыстарынан кейін Майқұдық жол артериясының өткізу қабілеті артады, онымен жүріп өту уақыты да қысқарады және осының барлығы ШОБ және басқа да меншік нысандарына оң әсерін тигізеді. Майқұдықта 200 мыңға жуық адам тұрады.

Жолды жөндеуге бөлінген тендерді "Казахдорстрой" ЖШС ұтып алды. Қазіргі уақытта Моховой көшесінен ТҚС зауытына дейін топырақты іріктеу, қиыршық тас негізін бөлшектеу, фрезерлеу, геотекстиль төсеу және С-5 көму, кесек тас төсеу, жаяу жүргіншілер жолын және жиектас орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жөндеу сапасын техникалық қадағалау мамандары мен "Жол активтерінің сапа орталығы" РМК зертханасы қадағалайды.