Атырауда су тасқынынан зардап шеккендерге 500-ге жуық қарағандылық әскерилер көмектеседіу

Атырауда су тасқынынан зардап шеккендерге 500-ге жуық қарағандылық әскерилер көмектеседіу

5451 Ұлттық ұланның 500-ге жуық әскери қызметшісі су тасқынына қарсы күресу үшін Батыс Қазақстан облысының Атырау қаласына аттанды.

Топан су салдарын жою жөніндегі жиынтық жасақты "Орталық" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Владимир Березовиков басқарды.

– Бүгін барлық қазақстандықтар су тасқынымен күресу үшін жұмылып жатыр. Ұлттық ұланның жауынгерлері үлкен көмек көрсетеді, олар тәулік бойы су басу аймақтарында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқарады, – деді Владимир Березовиков.

Ел өңірлеріндегі су тасқынын жоюға құқықтық тәртіп әскерлерінің бір жарым мыңнан астам офицерлері мен сержанттары, курсанттары мен сарбаздары жұмылдырылды.

ҚР Ұлттық ұланының "Орталық" РМҚК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша