
Отыз қарағандылық құтқарушы Ақмола облысына су тасқынына қарсы күресте көмекке келді.

"Республикалық жедел штабтың шешімі бойынша Ақмола облысының Жібек Жолы кентінің 6-шы және 7-ші шағын аудандарында су басу қаупі туындағандықтан, Қарағанды облысының ТЖД жеке құрамның 30 адамы мен бір техникадан тұратын күштері мен құралдары оқиға орнына жіберілді", – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгінде құтқарушылар қаптарды төсеумен және үйінді білігін нығайтумен айналысуда.