Саран қаласында ең үздік аула мен ауданға байқау жарияланды

Саран қаласында ең үздік аула мен ауданға байқау жарияланды

Саран қаласында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акция аясында ең үздік аула мен ауданға конкурс өтуде. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Ол үшін Instagram әлеуметтік желісінде сенбіліктің суретін #ТазаСарань хэштегімен жариялап, @saran_today парақшасын белгілеу қажет. Байқауға материалдар 31 мамырға дейін қабылданады.

Байқауға үйдің жанындағы өз учаскесін абаттандырумен және көгалдандырумен айналысатын кез келген тұрғын қатыса алады.

Конкурс жеңімпаздарын комиссия анықтайды. Бірінші орынға аула аумағын абаттандыруда барынша белсенді болған адам ие болады.

Саран әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша