Қарағандылық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына көмекке аттанды

Қарағандылық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына көмекке аттанды

Қарағандылық құтқарушылар су тасқынына қарсы күресте Солтүстік Қазақстан облысына көмекке кетті. Олар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылатын болады.

Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамының жетпіс адамы, 11 бірлік техника, 6 жүзу құралы және 27 су айдау құралы СҚО-ға жіберілді.

"Құтқарушылар межелі жерге әлі жеткен жоқ. Олар өңірдің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде қажетті көмек көрсетеді. Еріген суды сорып, траншеялар салып, қап дайындап, бөгеттерді нығайтатын болады", – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында өткен аптада су тасқыны тұрақталды. Аймақ үлкен шығындарсыз су тасқыны кезеңінен өте алды.