
Қарқаралы мен Балқаштың оңалту орталықтарында мүгедектігі бар 360 адам тегін сауықтырудан өтті. Медициналық қызметтерден басқа, пациенттерге тұрмыстық дағдыларын қалпына келтіру сабақтары қол жетімді.

Қарқаралы оңалту орталығы бір мезгілде I және II топтағы мүгедектігі бар 18 жастан асқан 84 пациентті сауықтыруға есептелген. Сондай-ақ, оған қарт адамдар да жолдама алады. Осы жылдың басынан бері бұл жерде 351 адам ем алды. Сауықтыру курсы 14 күнге созылады.
Орталықта миокард инфарктісі, кардиохирургиялық операциялар, қант диабетінің асқынулары, ми және жұлын қан айналымының бұзылуы, церебральды сал ауруы, орталық және перифериялық жүйке жүйесінің аурулары, тірек-қимыл аппараты және туа біткен даму ақаулары, сондай-ақ жарақаттардың салдары бар науқастар емделіп, оңалту ала алады.

Медициналық қызметтерден басқа, пациенттер тұрмыстық дағдыларын, соның ішінде тамақ дайындай білу дағдысын қалпына келтіре алады. Мәдени-демалыс іс-шараларына да уақыт бар.

Балқаш оңалту орталығы өткен жылдан бері жұмыс істейді, ол кішкентай пациенттерге арналған. Бір мезгілде тірек-қимыл аппараты бұзылған 30 бала қалпына келтіру курсынан өте алады. Осы жылдың басынан бастап Орталық тоғыз мүгедек баланы қабылдады.

Орталық пациенттердің физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, қолжетімді орта қағидаты бойынша әрекет етеді. Онда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Физиотерапия, Монтесорри, сенсорлық интеграция, массаж, жаттығу терапиясы, галотерапия, оттегі концентраторы, акт және спорт залдары бар. Кабинеттер кешенді оңалтуға арналған жабдықтармен жабдықталған.
Қызмет алушыларды оңалту және жатын орын бюджет есебінен қаржыландырылады.
Оңалту орталықтарының біріне жолдама ресімдеу үшін тұрақты тіркелген жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласу қажет. Өтінім aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер порталы арқылы беріледі.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша