
Қарағанды облысында су шаю, жол жамылғысының бұзылуына және еріген судың жол жиегінен асып кетуіне байланысты 5 жол учаскесінде, оның ішінде 2 облыстық маңызы бар және 3 жергілікті маңызы бар жолдар:
1. Ақтоғай ауданы, облыстық маңызы бар «Ақтоғай-Нұркен» автожолының 57 шақырымында еріген қар суының үлкен көлемінің ағуы нәтижесінде жол жамылғысын шайып кеткен (ені 6 м, тереңдігі 2 м). 02.04.2024 ж. бастап автокөліктің өтуі жолдың осы учаскесіне жақын айналма жол арқылы қамтамасыз етілді.
2. Ақтоғай ауданы, Нарманбет – Қошқар ауданы тас жолының 86 шақырымында Ақтайлақ өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі және еріген судың көп мөлшерде ағуының нәтижесінде жолдың көоік жүретін бөлігін шайып кетті (ені 12 м, тереңдігі 1 м). 2 елді мекенге апаратын кірме жолдар: Қошқар ауылы мен Айыртас ауылына апаратын жолдар жабық. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
3. Нұра ауданы, жергілікті маңызы бар автомобиль жолының Балықтыкөл ауылынан Шахтинск-Қайнар-Нұра тас жолына дейінгі 20 шақырымында еріген судың қарқынды ағуынан су тасқыны (ұзындығы 100 м, тереңдігі 15–20 см) орын алды. Жол учаскесі жабық, Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауданы арқылы өтетін айналма жол бар.
4. Шет ауданы, Нұраталды ауылы, Шопа ауылына кіреберіс жолы (жергілікті маңызы бар автожол) қардың еруі және Шерубай-Нұра өзенінде су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде су тасқыны орын алды(ені 300 м, тереңдігі 20 см). Шопа ауылына жол жүру шектелген. Төтенше жағдайлар департаментінің «ЖҚЖ» ММК қажет болған жағдайда тұрғындарды жолдың келесі бетіне өткізу үшін кезекшілік жүзеге асырылды. Жағдай жыл сайынғы маусымдық сипатқа ие және ЖАО бақылауында, ауылда азық-түлік пен дәрі-дәрмектер бар. Елді мекенге қауіп жоқ.
5. Нұра ауданы, Нұра ауылы, облыстық маңызы бар «Қарағанды – Шахтинск – Есенгелді – Қайнар – Нұра» тас жолы, Қарой ауылындағы көпір учаскесінде қар еріп, Нұра өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан жолды су шайып жатыр (ені 50 м, тереңдігі 20–25 см). Жолдың шайылып кетпеуі және су деңгейін төмендету мақсатында «Сембир» ЖШС жол жамылғысын ашу жұмыстарын жүргізуде. Жол учаскесі жабық. Балама жол бар. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар мен ПБ-нің күшімен кезекшілік ұйымдастырылды.
Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойынша