"Террикон алқабында" ісін жаңа бастаған кәсіпкерге бизнес дағдыларын игеруге көмектеседі

"Террикон алқабында" ісін жаңа бастаған кәсіпкерге бизнес дағдыларын игеруге көмектеседі

"Террикон алқабы" ІТ-хабы 15 сәуірде өз ісін бастағысы келетіндерді "Стартаперлерге арналған бизнес дағдылары" атты митапқа шақырады. Іс-шараға қатысу тегін.

Спикер - Ospanov Event Group директоры Марат Оспанов. Ол кәсіби тәжірибесімен бөліседі және ісін жаңа бастаған кәсіпкердің негізгі дағдылары туралы әңгімелейді.

Бағдарламада:

- бизнес-модель;

- қаржылық жоспарлау;

- қызметкерлерді жалдау және басқару;

- келіссөздер дағдылары;

- маркетинг және стратегия;

- тиімді ойлау техникасы;

- бизнес-хакерлер.

Формат: офлайн/онлайн.

Сайтта тіркелу қажет: terricon.kz.

Басталуы сағат 19.00-де.

"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.