Сәтбаевта Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 300-ден астам адам жұмысқа орналасты

Сәтбаевта Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 300-ден астам адам жұмысқа орналасты

Сәтбаев қаласында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша жалпы сомасы үш миллиард теңгеден астам 18 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы қала әкімі Асқар Ыдырысов ZOOM платформасындағы онлайн-конференцияда мәлімдеді.

Қалада ЖҚЖК бойынша мектептер мен балабақшаларды жөндеу, оқушылар сарайы мен 320 орындық жаңа балабақша салу, жолдарды жөндеу және салу, №3 сорғы станциясын инженерлік-техникалық нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, жұмыстарға 800-ге жуық адам тартылмақ. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 361 жұмыс орны ашылды.

- Біз облыс басшылығы секілді, карантин кезеңінде азаматтарымызды қолдау үшін барлығын жасауға тырысамыз. Қиындықтарға қарамастан, жұмыс орындарын құрып, экономикалық әлеуетті арттырудамыз, - деп атап өтті Асқар Ыдырысов.

Ол жұмыс іздегендерді жұмыспен қамту орталығына жүгінуге шақырды. Ең төменгі жалақы - 85 мың теңге.

Сондай-ақ, Сәтбаев қаласының әкімі карантиндік шараларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

- Барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтауға, маскалар киюге, антисептиктерді пайдалануға және әлеуметтік қашықтықты ұстауға шақырамын. Қазір біздің қалада адамдар өз денсаулығына ерекше мән бере бастады, - деп қорытты ол.