
Kcell ұялы байланыс операторының OGO картасымен қоғамдық көлікте тегін жүруге болады. Акция Қарағанды, Балқаш және Саран тұрғындарына таралады.
Тегін жүруді пайдалану үшін сізде OGO виртуалды картасы болуы керек.
– Қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу үшін акция Қазақстанның 29 қаласында іске қосылды, – дейді Kcell цифрлық қаржы сервистерінің басшысы Сергей Коптик. – OGO картасын Kcell және Activ қосымшасында тегін ашуға болады. Әрине, мұны тек абоненттер жасай алады. Карта банктік болып табылады. Оны біздің серіктесіміз Jusan bank шығарады. Картаны толтыру көзі ретінде ONAY! қосымшасына байланыстыру керек. Содан кейін одан көлік картасын толтыуға немесе автобуста орналасқан QR коды арқылы ONAY қосымшасының көмегімен жол ақысын төлеуге болады. Сіз OGO картасын нөміріңіздің балансынан комиссиясыз толтыра аласыз.

ONAY қосымшасы үшін ең төменгі толықтыру сомасы – 200 теңге. Кешбэк – 150 теңге. Бонустарды бірден көлік картасына тастауға немесе балансқа шығаруға болады.
Сіз күніне бірнеше рет толтыра аласыз, сомалар да әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ акцияны ұйымдастырушылар бір уақытта 200 теңгеден толықтыруға кеңес береді. Себебі бір толықтыру үшін ең көп кешбэк – 150 теңге және толықтыру сомасына тәуелді емес.
Акция көктемнің соңына дейін есептеледі. Бірақ оны ұзартуға болады.
OGO картасы супермаркеттерде және үйдің жанындағы дүкендерде тауарларды төлеу кезінде 5%-ға дейін кешбэк береді. Сондай-ақ, бонустармен байланыс қызметтерін, коммуналдық қызметтерді төлеуге болады. Халықаралық операциялар үшін де кешбэк қарастырылған.
OGO картасын ашу жөніндегі нұсқаулық ресми сайтта қол жетімді: kcell.kz.