Қарағанды облысында көксерке, тұқы және сазан аулауға уақытша тыйым салынады

Қарағанды облысында көксерке, тұқы және сазан аулауға уақытша тыйым салынады

Қарағанды облысында "Уылдырық" балық қорғау акциясы өтуде. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, балық аулауға тыйым салу 20 сәуірден бастап күшіне енеді.

Уылдырық шашудың басталуына байланысты су фаунасының популяциясын сақтау үшін 20 сәуірден 20 мамырға дейін көксерке аулауға тыйым салынады.

1 мамырдан 30 маусымға дейін тұқы мен сазан аулауға тыйым салу күшіне енеді.

Сондай-ақ, 15 сәуірден 30 мамырға дейін Қ.Сәтбаев атындағы арнаның бойында балық аулауға тыйым салынады. Бұған барлық су тораптары да кіреді. Бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде торта, ақтабан, алабұға, мөңке және шортанға әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін рұқсат беріледі.