3 сәуірге арналған автожолдар бойынша ақпарат

3 сәуірге арналған автожолдар бойынша ақпарат

Қарағанды облысында автожолдардың төрт учаскесінде (оның ішінде облыстық маңызы бар бір а/ж және жергілікті маңызы бар үш а/ж) жол төсемі шайылып, бұзылып, жол бөлігі арқылы еріген қар суы жүріп жатыр:

1. Ақтоғай ауданы: Ақтоғай– Нұркен облыстық маңызы бар автожолдың 57 км-де қызыл судың үлкен көлемде ағып келуі нәтижесінде жол төсемі шайылып кетті(ені – 6 м, тереңдігі – 2 м). 2 сәуір сағат 02:45-тен бастап автокөліктің өтуі жолдың осы учаскесіне жақын айналма жол арқылы қамтамасыз етілді.

2. Ақтоғай ауданы: Нарманбет – Қошқар аудандық маңызы бар жолдың 86 км-де Ақтайлақ өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне және еріген судың көлемі артуына байланысты жол төсемі шайылып кетті (ені – 12 м, тереңдігі – 1 м). Қошқар және Айыртас ауылдарына апаратын кірме жолдар жабық. Елді мекендерге қауіп жоқ.

3. Нұра ауданы: Балықтыкөл ауылынан Шахтинск – Қайнар – Нұра а/ж дейін жергілікті маңызы бар жолдың 20 км-де еріген қар суының қарқынды ағуына байланысты су сатқыны орын алды (ұзындығы – 100 м, тереңдігі – 15-20 см). Жол учаскесі жабылды, Ұлытау облысының Жаңаарқа кентінен өтетін айналма жол бар.

4. Шет ауданы: Нұраталды а/о, Шопа ауылына кірме жол (жергілікті маңызы бар а/ж). Қардың еруі және Шерубай-Нұра өзені деңгейінің көтерілуі нәтижесінде су тасу тіркелді (ені – 300 м, тереңдігі – 20 см). Шопа ауылына жол жүру шектеулі. ТЖД "ЖҚЖ" РММ күштері қажет болған жағдайда тұрғындарды тасымалдау үшін кезекшілік етеді. Жағдай жыл сайынғы маусымдық сипатқа ие. Ауылда азық-түлік пен дәрі-дәрмек бар. Елді мекенге қауіп жоқ.

Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойынша