Қарағанды облысындағы 3 сәуір 11:00-ге дейінгі су тасқынына қатысты жағдай

Қарағанды облысындағы 3 сәуір 11:00-ге дейінгі су тасқынына қатысты жағдай

Қарағанды облысында су тасқыны басталғаннан бері 245 912 текше метр сорғыланды, оның ішінде тәулігіне – 46 470 текше метр су. 98 335 дана қаптар төселді, оның ішінде тәулігіне – 7450, су тасқыны басталғаннан бері 1131 тонна инертті материал, оның ішінде тәулігіне – 223 тонна инертті материал себілді.

Облыстың гидротехникалық құрылыстары штаттық режимде жұмыс істеуде. Толып кетудің алдын алу үшін су ағызу жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысының ірі су қоймаларынан (Самарқанд, Ынтымақ, Шерубай-Нұра) төгінділердің ұлғаюына байланысты Нұра өзенінің арнасынан төмен орналасқан Абай, Бұқар жырау және Нұра аудандарының 28 елді мекенінде және Ақтоғай ауданының екі елді мекені мен Қарағандыда қапшықтарды төсеу, инертті материалдарды төгу және қорғаныс біліктерін нығайту бойынша алдын алу шаралары қабылданды.

Қазіргі уақытта жұмыстарға 720 адам, 202 бірлік техника, 24 мотопомпалар, ТЖД Xingtai тіркеме сорғы станциясы, НГ, Қорғанысмині, ІІМ, ЖАО және басқа да ұйымдардың қызметкерлері жұмылдырылды.

ТЖД және ЖАО қызметкерлері су тасқыны қаупі бар учаскелердегі жағдайды бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.

ТЖД базасында су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді – (8-7212) 51-11-10.

Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойынша