
Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында еріген суды сору, қапшықтарды төсеу және инертті материалдар себу жұмыстары жалғасуда.

Мәселен, тұрғын аумақтарын су басуына жол бермеу үшін 32 мың 747 м3 еріген су сорылды. Елді мекендерде 45 930 бірлік қап төселді, 290 тонна инертті материалдар себілді.

Жұмыстарға 812 адам, 89 бірлік техника, 21 мотопомпа және 2 "Вариски" ТЖД, ҰҰ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ және ЖАО жұмылдырылды.
Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде. Толып кетудің алдын алу үшін су ағызу жүргізіліп жатыр. Қарағанды облысының ірі су қоймаларынан (Самарқанд, Ынтымақ, Шерубай-Нұра) төгінділердің ұлғаюына байланысты төгіндіден төмен орналасқан Абай, Бұқар Жырау және Нұра аудандарының 28 елді мекенінде біліктерді нығайту және қапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.

ТЖД базасында су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді – (8- 7212) 51-11-10.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының Шет ауданында Қайрақты, Ақсу, Красная Поляна, Деріпсал ауылдарындағы су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, онда 40 үйді су басқан, 292 адам эвакуацияланған, оның ішінде 114 бала бар. Осы елді мекендердің кейбір тұрғындары үйлеріне орала бастады.
Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойынша