1 сәуір 19:00-ге дейінгі Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы туралы

1 сәуір 19:00-ге дейінгі Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы туралы

Қарағанды облысының Шет ауданында Қайрақты, Ақсу, Красная Поляна, Деріпсал ауылдарындағы су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, 40 үйді су басқан, 292 адам эвакуацияланған, оның ішінде 114 бала.
Бірінші сәуірде Қайрақты ауылының (9 үй, 67 адам), Ақсу ауылының (24 үй, 119 адам) және Шет ауданының Красная Поляна ауылының (10 адам) тұрғындары үйлеріне қайтты.
Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде. Су қоймаларында су толып кетудің алдын алу үшін су ағызу жүргізілуде. 

Қарағанды облысының ірі су қоймаларынан (Самарқанд, Ынтымақ, Шерубай-Нұра) төгінділердің ұлғаюына байланысты су төгетін жерден төмен орналасқан Абай, Бұқар Жырау және Нұра аудандарының 28 елді мекенінде біліктерді нығайту және қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын аумақтарды су басуына жол бермеу үшін шамамен 19 мың 337 м3 еріген су сорылды. Елді мекендерде 52 955 бірлік қап төселді, 60 тонна инертті материалдар себілді. Барлығы 812 адам және 89 бірлік ТЖД техникасы, "Орталық" РМҚК, "Астана" РМҚК, ПД, ЖАО және басқа да ұйымдар жұмылдырылды.

Мұз кептелісінің алдын алу үшін Осакаров ауданындағы Сабырқожа өзенінде, Николаевка ауылында мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді. Мұзды ұсақтаудың жалпы ауданы – 7000 ш.м. бұған ТЖД, ПД, ЖАО және "Қазтехинженеринг"ЖШС күштері мен құралдары қатысты.
ТЖД базасында су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді – (8-7212) 51-11-10.
Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойынша