
Қарағанды облысында жол төсемінің шайылып кетуіне және еріген сулардың жол бөлігі арқылы ағуына байланысты республикалық автожолдардың 2 учаскесі, облыстық автожолдардың 2 учаскесі және жергілікті маңызы бар автожолдардың 1 учаскесі жабық күйінде қалып отыр:
1. Ақтоғай ауданы, Ақтоғай – Нұркен облыстық маңызы бар автожолдың 57-ші шағырымында еріген судың көп мөлшерде ағуының нәтижесінде жол төсемі шайылып кетті (ені – 6 м, тереңдігі – 2 м). Жол учаскесі жабық, Ақтоғай ауылы арқылы өтетін балама жол бар.
2. Қарқаралы ауданы, облыстық маңызы бар Егіндібұлақ –Қоянды – Бүркітті автожолының 67-ші шақырымында еріген судың қарқынды ағуына байланысты жол төсемі шайылып кетті (ені – 10 м, тереңдігі – 20 см). Жол учаскесі жабық.
3. Шет ауданы, Нұраталды а/о, Шопа ауылына кірме жол (жергілікті маңызы бар а / ж) – қардың еруі және Шерубай-Нұра өзені деңгейінің көтерілуі нәтижесінде су тасқыны болды (ені – 300 м, тереңдігі – 20 см). Шопа ауылына жол жүру шектеулі. ТЖД "ШҚЖ" РММ күштері қажет болған жағдайда тұрғындарға өткел ұйымдастыру үшін кезекшілік етуде. Жағдай жыл сайынғы маусымдық сипатқа ие, ауылда азық-түлік пен дәрі-дәрмек бар. Елді мекенге қауіп жоқ.
4. Бұқар жырау ауданы – республикалық маңызы бар Қарағанды – Аягөз – Бұғаз а/ж 44-ші шақырымында еріген судың қарқынды ағуына байланысты су тасқыны орын алды (ұзындығы – 300 м, ені – 40 м, тереңдігі – 15 см). Жол учаскесі жабық. Қарағанды қаласы – Бастау ауылы учаскесінде қозғалыс шектеулі (барлық көлік құралдары үшін).
5. Бұқар жырау ауданы, Бастау – Ақтау – Теміртау республикалық маңызы бар а/ж 25-ші шақырымында, Нұра станциясының қорғаныс білігіне жүктемені азайту үшін жол учаскесін бұзу бойынша жұмыстар жүргізуге байланысты жол учаскесі жабылды.
Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойынша