Қарағанды облысында 31 наурыз күнгі су тасқыны жағдайы туралы

Қарағанды облысында 31 наурыз күнгі су тасқыны жағдайы туралы

Қарағанды облысының ірі су қоймаларынан (Самарқанд, Ынтымақ, Шерубай-Нұра) су ағызуға байланысты сағат 14:00-ден бастап қажетті күштер мен құралдарды көшіру және оларды Нұра өзенінің арнасынан төмен орналасқан Абай, Бұқар жырау және Нұра аудандарының 28 елді мекенінде алдын ала бөлу ұйымдастырылды.

Барлығы 398 адам, 32 бірлік техника жіберілді: оның ішінде Нұра ауданына – 217 адам, 19 бірлік техника; Бұқар жырау ауданына – 73 адам, 4 бірлік техника; Абай ауданына – 103 адам, 9 бірлік техника.

Қалалар мен аудандарда елді мекендерді қорғау үшін инертті материалдар себу және қапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын аумақтарды су басуына жол бермеу үшін шамамен 31 мың 460 м3 еріген су сорылды. Елді мекендерде қапшықтарды төсеу және біліктерді салу жалғасуда. Барлығы ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ПД, ЖАО және басқа да ұйымдардың 933 адамы жұмылдырылды.

Нұра ауданында, Нұра кентінде мұз кептелістерінің алдын алу үшін үш учаскеде мұзды ұсақтау бойынша жұмыстар жүргізілді (Құндызды өзені, 8000 шаршы метр аумақта 390 кг жарылғыш заттар пайдаланылды).

Жолдағы жағдай

Қарағанды облысында жол төсемінің шайылып кетуіне және еріген қар суының жол бөлігі арқылы төгілуіне байланысты Қарағанды – Қарқаралы: Қарағанды – Аягөз – Бұғаз бағыты бойынша 17–45 км және Бастау – Ақтау – Теміртау бағыты бойынша 12–41 км республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесі жабық күйінде қалып отыр.

Толып кету салдарынан облыстық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесі жабық күйінде қалып отыр:

- Егіндібұлақ – Қоянды – Бүркітті;

- Жастар – Тельман;

- Астана – Баршын – Шұбаркөл.