29 наурыз күні сағат 19:00-ге келіп түскен су тасқыны туралы ақпарат

29 наурыз күні сағат 19:00-ге келіп түскен су тасқыны туралы ақпарат

Бұқар жырау ауданында Петровка ауылындағы көпір маңында жиналған мұз кептелістерін жою жұмыстары жүргізілді.

Елді мекендер аумағына дала мен беткейлерден келіп жатқан қар суының тасуына қатысты екі дерек тіркелді (Ақтоғай ауданы Абай ауылы, Абай ауданы Құлайғыр ауылы). Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері елді мекендер арқылы су өткізу және қаптарды төсеу бойынша іс-шараларды жалғастыруда, барлығы 66 адам мен 16 техника жұмылдырылған. Үйлерді су басқан жоқ.

Республикалық маңызы бар жолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысы жабылды:

Қарағанды – Балқаш (Новостройка – Балқаш)

Қарағанды – Жезқазған (Құлайғыр – Красная Поляна)

Алматы – Екатеринбург (Ақсу-Аюлы ауылы)

Облыстық жедел штаб жағдайды тәулік бойы бақылауда. Барлық ұйымдар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

 Тұрғын үй аумақтарын су басудың алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар қызметі 1 мың 143 м3 жуық еріген суды сорып шығарды, оған ТЖД мен ЖАО 140 адам мен 39 бірлік техника жұмылдырылды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша