
Қарағандылықтар ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығуын тілейді. Облыстың көптеген еңбек ұжымдары қолдау білдірді.
"Қазақмыс" компаниялар тобының қырық мыңдық еңбек ұжымы, кеншілер, кен байытушылар мен металлургтер Елбасына сенім мен қуат тіледі.
"Елбасы сізге тезірек сауығып кетуді тілейміз!
Пандемиямен қазіргі күрделі жағдайда біз короновирустық инфекциямен күреске мемлекеттік бастамаларға белсенді қатысамыз.
"Қазақмыс" жұмысшылардың денсаулығын қорғау және өндірістің тіршілік әрекетін үздіксіз қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды. Сіз сияқты рухы күшті адам бұл сынақты жеңеді деп сенеміз!»
Елбасының еңбек және саяси отанындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жұмысшылар оған тезірек сауығуын тілейді.
"Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды өңіріне әрдайым ерекше қамқорлықпен және жылумен қарайды. Біздің Тұңғыш Президентіміз қиын сынақтардан өтті. Елбасыбұл дертті тез жеңетініне сенімдіміз".
Бірінші Президентке денсаулық тілеген жеделхаттарды "Шұбаркөл Көмір" АҚ, "Қазмарганец" КБ, "Sary Arka Copper Processing" ЖШС, "Алтыналмас" АҚ, "Коунрад" Мыс компаниясы" ЖШС, "Алтай Полиметаллы" ЖШС, "Гефест" ТКК, "SAT KOMIR "ГК" АҚ және басқа да компаниялар жіберді.