Қарағандылықтарды Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеттің концертіне шақырады

Қарағандылықтарды Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеттің концертіне шақырады

Қарағандылықтар мен қала қонақтарын 3 сәуірде сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залында Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің музыка кеші өтеді.

Квартет құрамында: Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка), Алексей Лебедев (2-ші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт) және Ернар Мыңтаев (виолончель).

Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.

Мемлекеттік квартет Қазақстанның ең үздік камералық ансамбльдерінің бірі болып саналады, ол жоғары орындаушылық шеберлігімен, ойынның виртуоздық техникасымен, дыбыстың әсемдігімен, нәзік стиль сезімімен және ансамбльдік мәдениетімен ерекшеленеді. Ұжым репертуарында әлемдік классикалық музыка мен қазақстандық композиторлардың шығармалары көп.

Квартет көптеген беделді халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты. Франция, Англия, Австрия, Испания, Италия, Египет, Түркия және т. б. елдердің ең үздік концерт залдарында, сондай-ақ жақын шет елдерде өнер көрсетті.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.