Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру жүріп жатыр. Қарағанды облысынан 18-27 жас аралығындағы 1 300-ден астам азаматтарды шақыру жоспарланып отыр. Шақыру комиссиялары санитарлық нормаларды сақтай отырып жұмыс істейді.
- Құрама пункттерде байланыссыз термометрия жүзеге асырылады. Әскерге шақырылушыларда әлсіз симптомдар байқалса да, біз оларды тұрғылықты жері бойынша тіркелген медициналық мекемелерге жібереміз. Қалғандары медициналық комиссиядан өтуге жіберіледі, - деді департамент бастығының орынбасары, Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Жинақтау басқармасының бастығы подполковник Рустам Жалбинов.
Әрбір әскерге шақырылушыға медициналық маска беріледі. Ғимаратқа кіре берісте қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық ерітінділер орнатылған. Қашықтықты сақтау бақыланады. Күн сайын Үй-жайлар мен дәліздерді арнайы ерітіндімен өңдеу, сондай-ақ кварцтау жүргізіледі. Жоғары талаптар әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайына, білім деңгейіне және моральдық-психологиялық тұрақтылығына қойылған. Әскери командалар бойынша іріктеу және бөлу кезінде әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтар ескеріледі.
Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарына іріктеу және қабылдау кез келген тілек білдіруші үшін ашық және жариялы. Кандидаттар мен олардың отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің шақыру комиссияларынан кеңес ала алады.
Жедел әскери қызметтен өткеннен кейін тілек білдірушілер келісім-шарт бойынша әскерде қалуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес тамыз айына дейін жалғасады.
«Астана» РМК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша