
Қарағанды "Шалқыма" концерт залында 30 наурыз күні сағат 17:00-де ҚР еңбек сіңірген қайраткері композитор және пианист Серік Еркімбековтың авторлық концерті өтеді.
Бағдарламада – I бөлім: "Алтын Арқа" – оркестрлік аллегро, "Минарет", "Отан таңы", "Vocalise", "Жер-Аспан" және оркестрмен фортепианоға арналған Концерт; ІІ бөлім: "Шәкәрім" симфониясы.
Концертке халықаралық байқаулардың лауреаттары Рысты Рахымжан, Гүлмаржан Сұлтанғалиева, Азамат Елеусін, Сад Жанна Мырзалиева, Азат Мәлік, сондай-ақ Еркеғали Рахмадиев атындағы Академиялық симфониялық оркестр қатысады.
Дирижерлер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов және халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.
Серік Еркімбеков – оркестрмен фортепианоға арналған концерттің, "Мәңгілік алау" балетінен сюитаның, "Алтын Арқа" симфониялық туындысының, "Көгілдір мұнара" симфониялық картинасының, "Минарет" балетінің, "Folk dance" оркестрлік композициясының, "Vocalise" вокалдық эссесінің және тағы басқалардың авторы.
"Тұзды көл жанындағы үй", "Алматыда серуендеу", "Андрей Первозванный ордені", "Досың кім екенін айт" фильмдеріне, "Қазына" телехикаясына музыка жазды.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.