
«Атамекен» Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «Алтын сапа» сыйлығын тағайындау байқауының ұйымдастырушы ретінде оның әлеуетті қатысушыларына вебинар өткізеді. Бейнесабақтар altynsapa.kz сайтында, «оқыту» бөлімінде орналастырылады, ал онлайн-семинарлардың өзі 19 және 25 маусымда 11.00-ден 12.30-ға дейін өтеді.
«Атамекен» ҰКП хабарлағандай, бейне сабақтар байқаудың нормативтік құқықтық негізімен танысуға, оған қатысу үшін өтінім беруге және Ұйымның өзін-өзі бағалау әдістемесімен танысуға бағытталған.
Вебинар тыңдаушылары ұйым қызметін модельдеу негіздерімен танысады, өзін-өзі бағалау жөнінде есепті әзірлеу бойынша білім алып, мысалдарды қарастырады. Ал бейне сабақта келтірілген ақпарат ұйымды диагностикалаудың тәсілдерін түсінуге, үздік компаниялардың тәжірибесін зерделеуге және жаңалықтарды тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.
Вебинарға қатысу үшін сілтеме алу қажет. Ол үшін кез келген уақытта немесе онлайн-семинар өтетін күні WhatsApp нөміріне +7-775-584-05-38 "вебинар" сөзін жіберу қажет. Сондай-ақ Қарағанды облысының ӨКП-на (8-7212) 50-64-35 (вн. 3519), 8-775-478-94-81 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.