Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің қызметі талқыланды

Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің қызметі талқыланды

Қарағанды облысына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанай келді. 

Достық үйінде оның қатысуымен "Мәдениетті ана мәдениетті ұлт" жобасын іске асыру бойынша семинар өтті.

Кездесуде ҚХА Аналар кеңесінің қызметі талқыланып, одан әрі жұмыс істеу бойынша ұсыныстар берілді. Шарада Назипа Шанай, ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай және ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Камал Альпеисова спикерлер ретінде баяндама жасады.

ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығының және Қарағанды облысының полиция департаменті жанындағы отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығының жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, ҚХА мүшелерімен бірге Назипа Шанай Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде ұйымдастырылған "Наурызнама" онкүндігі аясында ұйымдастырылған мерекеге қатысты. Мұнда қазақтың ұлттық киімдерінің сәнді көрсетілімі және қазақтың ұлттық бас киімдерінің көрсетілімімен дефиле өткізілді. 

Назипа Шанай іс-шараға қатысушыларға алғыс хаттар табыс етті.

Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ ақпараты бойынша