
Қайырымдылық күні, 15 наурызда Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы ерекше балаларға арналған мереке ұйымдастырды. Оларға ойыншықтар беріліп, ойындар ойнатылды. Сондай-ақ демеушінің атынан тәтті дастархан ұйымдастырылды.

Аналар да назардан тыс қалмады – балаларға күтім жасау үшін оларға жуғыш заттар мен жөргектер берілді,


Ең бастысы – Te Amo Dance би студиясынан бачата бойынша тегін шеберлік сабағы оларға жақсы көңіл-күй сыйлады.

Қайырымдылық акциясына 30-ға жуық отбасы қатысты.

– Біздің Орталық көпбалалы аналарға, ерекше балалары бар аналарға, жалғызбасты аналарға, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмектеседі. Наурыз қарсаңында балалар мен олардың аналарына жақсы көңіл-күй сыйлап, оларды сыйлықтармен қуантқымыз келді. Сонымен қатар, аналар үшін тегін бачата шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Осындай шеберлік сабақтарын айына екі рет өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Отбасын қолдау орталығының әлеуметтік көмек бөлімінің қызметкері Зәмзәгүл Мамалинова.
