
Қарағанды хайуанаттар бағы Халықаралық құстар күніне орай ұя дайындау бойынша конкурс ұйымдастырды. Қатысушылар екіге бөлінеді: біріншіден төртінші және бесіншіден тоғызыншы сыныпқа дейін.
Конкурсқа ағаштан және ДСП-дан жасалған жұмыстар қабылданады. Автордың аты-жөні, мектебі мен сыныбы көрсетілуі керек.
Байқаудан кейін қолөнер қайтарылмайды.
Жұмыстар хайуанаттар бағында 31-наурызға дейін қабылданады.
Бес жүлделі орын болады.
Жеңімпаздарды марапаттау 7 сәуірде сағат 13:00-де хайуанаттар бағында өтеді. Сол күні зоологиялық саябақтың қонақтарын аниматорлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама, конкурстар мен викториналар, спорттық ойындар және т. б. күтеді.