
15-18 маусым аралығында Қарағандыда «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!» атты республикалық акция өтеді. Ол отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралармен халықты таныстыруға арналған. Іс-шара аясында Қарағанды қаласының полиция басқармасы мен аумақтық бөлімдердің қызметкерлері тұрмыста құқық бұзушылыққа бейім, полиция бөлімдерінде есепте тұрған адамдарға барады.
Егер сіз тұрмыстық зорлық - зомбылықтың куәгері болып табылсаңыз немесе өзіңіз соққыға шалынсаңыз, 102 нөмірі бойынша полицияға немесе учаскелік пунктке, сондай-ақ Қарағанды ҚІІБ ОМПС әйелдер құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің сенім телефонына - 30-37-67 (жұмыс күндері жұмыс уақытында қоңырау шалу керек) хабарласу қажет.
Сондай-ақ республикада 1409 - тегін заңгерлік және психологиялық кеңес беру сall-орталығы жұмыс істейді.
Тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандарына және өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге көмек көрсету жөніндегі дағдарыс орталықтарының байланыс мәліметтері: «Мир добра» ҚБ, Қарағанды қ., Кривогуз к-сі, 3, телефон 41-43-46; «Озарение» ҚҚ, Қарағанды қ., Әлиханов к - сі, 5, телефон 41-31-34; «Қайсар», Аханов к-сі, 55/2, телефон 30-02-40; «Ана үйі» - саll-орталық - 1422.
«150» тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандарына арналған ұлттық жедел желі-8-800-070-02-17 нөміріне тегін қоңырау шалу. Мамандар қоңырауларды тәулік бойы қабылдайды.
Зорлық-зомбылыққа ЖОҚ деңіз!