
Жас қарағандылықтар Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен шығыс билері бойынша халықаралық байқау-фестивалінен жеңіспен оралды. Олар қазылар алқасына бірнеше би ұсынды.
Апалы-сіңлілі Алина Жулина мен Радмила Камышова 10 жылдан астам уақыт бойы шығыс билерімен айналысады. Оларды тәтесі әрі қатаң тәлімгері – "Гюнеш" шығыс би кәсіптік мектебінің жетекшісі Ольга Камышова дайындайды. Ол тәжірибелі хореограф.
– Екі қыз да өте қабілетті, менде 10 жылдан астам уақыт бимен айналысып келеді. Олар бірнеше халықаралық жарыстарда жеңіске жеткен. Ең маңызды жетістіктердің бірі – Венгриядағы Будапешттегі бірінші орындар, сондай-ақ олар Новосібірдің екі дүркін чемпионы атанды, Алматыда өткен халықаралық байқауларда бірінші орынға ие болды. Екеуі де Қазақстан құрамасына кіреді, – дейді Ольга Камышова. – Сеулде қыздар бидің әртүрлі бағыттары бойынша екі бірінші орынға ие болды: Алина кәсіпқойлар санатында, Радмила кәсіпқойлыққа үміткерлер санатында өнер көрсетті. Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония сияқты елдермен бәсекелесу бізге қиын болды. Бірақ қыздар өте жақсы өнер көрсетті.

Алина Жулина 10-сыныпта оқиды, бірақ қазірдің өзінде алдына қойған мақсаттары биік: ол болашақта өзінің шығыс би мектебін ашуды армандайды.
– Мен үшін би тек хобби ғана емес. Мен би ырғағымен өмір сүремін. Жаттықтырушы болуды ойлаймын, мүмкін өз мектебімді ашармын. Негізінде мұның бәрі орындалуы әбден мүмкін, – дейді Алина. – Қазір біз жаңа байқауларға дайындалып жатырмыз, Алматы мен Мәскеуге баруды жоспарлап отырмыз.
Кореяда сонымен қатар Қазақстанның намысын Дильназ Әкімбаева да қорғады. Бойжеткен танымал хореограф – Рrofessional шығыс би мектебінің негізін қалаушы Светлана Османовамен шығыс билерімен айналысады. Сеулде Дильназ екі мәрте бірінші және бір рет екінші орынды жеңіп алды.