Қарағандылықтарды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырады

Қарағандылықтарды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырады

Қарағандыда 16 наурызда Global City СОО аумағында "Ауыл Береке – 2024" кезекті облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.  Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін тегін көлік ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеде облыстың 7 ауылдық ауданының 100-ден астам ауыл шаруашылық өндірушілері өз өнімдерін ұсынады: Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет. Сондай-ақ, Қарағанды, Саран және Шахтинск өңдеу кәсіпорындары қатысады. Ұйымдастырушылар бағаны орташа нарықтан 10–15 % төмен деңгейде ұстауға уәде беріп отыр.

Қарағандылықтар ет, көкөніс, сүт өнімдерін, балық және т. б. сатып ала алады.

Жәрмеңкеге төрт бағыт бойынша тегін қоғамдық көлікпен жетуге болады.

Сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін Оңтүстік-Шығыстан жүреді. Қозғалыс 30 шағын ауданнан басталып, одан кейін Мұқанов көшесі, Республика даңғылы, Шахтерлер даңғылы, Тәттімбет көшесімен жүріп өтеді.

10:00-ден 16:00-ге дейін автобустар Сұрыптаудан-Майқұдық, Михайловка және Пришахтинск аудандарынан жүреді:

- Сұрыптау-Майқұдық – Global City. Қозғалыс "Жастар" кафесінен басталып, одан әрі Жекібаев, Мануильский, Серов, Дружба, Менделеев, Магнитогорская, К. Маркс көшелерімен өтеді.

- Михайловка – Global City. Бағыт ДСК-дан басталып, одан әрі Сейфуллин даңғылы, Аманжолов, Чкалов, Абай, Терешкова көшелері, 7-ші магистральмен жүреді.

- Пришахтинск – Global City. Қозғалыстың басталуы 23 шағын аудан, одан әрі Луначарский, Зелинский, Попов көшелері, 15-ші магистраль, Гоголь, Абай, Терешкова көшелері, 7-ші магистраль.

Барлық автобустарда "ЖӘРМЕҢКЕ" деген сөз жазылған арнайы тақтайшалар орналастырылады.