Классикалық музыка әуесқойларын Қарағанды симфониялық оркестрінің концертіне шақырады

Классикалық музыка әуесқойларын Қарағанды симфониялық оркестрінің концертіне шақырады

16 наурыз күні сағат 17:00-де "Шалқыма" концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі концерт береді. Солист - Бременде (Германия) өткен XIV Еуропалық пианистер байқауының жеңімпазы, Брюссельде, Цюрихте, Мәскеуде өткен халықаралық байқаулардың лауреаты Станислав Хегай (Қазақстан/Германия фортепианосы).

Бағдарламада И. Брамс "Трагедиялық увертюра", оп. 81; Ф. Шуберт № 5 Симфония, си-бемоль мажор; П. И. Чайковский № 1 оркестрмен фортепианоға арналған концерт, си-бемоль минор, оп. 23.

Станислав Хегай Еуропада, Солтүстік Америкада, Африкада, Азияда, ТМД-да  "Gewandhaus zu Leipzig" (Германия) Гевандхаус Үлкен залы, “Gasteig” Гаштайг филармониясы (Мюнхен), BOZAR бейнелеу өнері сарайы және Ла Монне Корольдік театры (Брюссель), "Salle Cortot" (Париж) Корто залы," Glocke" концерт үйі және радио хабар тарату залы (Бремен), Чайковский атындағы консерваторияның үлкен залы (Мәскеу), "Guro Arts Valley Theatre" (Сеул) өнер театры, Ansan Arts Center (Корея) және тағы басқаларда концерттер өткізген.

Ол Германия, Франция, Италия, Швейцария, Бельгия, Марокко, Эстония, Оңтүстік Корея, Ресей, Жапония, Канада және басқа елдерде жеке концерттер берген.

Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.