Қарағанды қаласының отбасы орталығында тегін әлеуметтік, заңгерлік және психологиялық қызметтер көрсетіледі

Қарағанды қаласының отбасы орталығында тегін әлеуметтік, заңгерлік және психологиялық қызметтер көрсетіледі

Қарағандыда бір айдан астам уақыт Отбасын қолдау орталығы құрылған болатын. Мұнда өмірлік қиын жағдайға тап болған, мүгедек балалары бар, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тегін қызмет көрсетіледі.

Орталық қызметінің негізгі бағыттары – "бір терезе" қағидаты бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және отбасының барлық мүшелерінің әлеуметтік және жеке дамуына қолдау көрсету.

Қарағандылықтарға әлеуметтік, заңгерлік және психологиялық қызметтер қолжетімді. Мамандар отбасылық жанжалдарды шешуге көмектеседі. Тәжірибелі медиаторлармен кеңесу мүмкіндігі бар. Қабылдауды психиатр, нарколог, теолог-дінтанушы жүргізеді.

Бұл жерде электрондық үкімет қызметтерін де алуға болады: тұрғын үйге, балабақшаға, ПМПК, АӘК-ге кезекке тұру, балаларды Artsport және E-Daryn арқылы үйірмелер мен секцияларға тіркеу, "Бастау бизнес" курсына қабылдау, неке және туу туралы куәліктерді цифрландыру, ЭЦҚ алу және т. б. Мұнда несиелер бойынша төлем кестесін қайта ұйымдастыруға көмектеседі.

Келушілер кез келген мемлекеттік органдарға өтініш жіберу үшін компьютерді пайдалана алады.

Сондай-ақ, орталық мамандары аз қамтылған отбасыларға баспана беру үшін демеуші іздеуге көмектеседі және балалар мен ересектерге арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады.

Instagram парақшасында (@Otbasy.ortalygy.krg) өзекті тақырыптарда тікелей эфирлер өтеді: ипотека, субсидиялар, банкроттық және т. б.

Отбасын қолдау орталығының мекенжайы: Чкалов көшесі, 7.

Байланыс телефоны: +7-777-109-59-74.