
Балқаш қаласының Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі Зарина Қараталова «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық олимпиадасында үшінші орынға ие болды. 22 жастағы педагог «ZarinaEDUTTT бағдарламасын пайдалану арқылы биология сабақтарында балалардың ойлауын дамыту» тақырыбында жобасын ұсынды.

Зарина Қараталова мектепте бір жарым жыл ғана жұмыс істейді. Ол оқытудың инновациялық әдістерін қолданады: оның сабақтарында балалар тақырыпты стандарттан тыс әдіспен үйренеді. Мұғалім ТТТ (Trello, Tarsia және Trivia Maker) көмегімен ZarinaEDUTTT авторлық бағдарламасы бойынша оқушылармен жұмыс істейді.

– Мен Trello платформасын қолданамын, ол арқылы оқу бағдарламасымен танысуға, электрондық жүйеде сабақ өткізуге болады. Балалар платформа арқылы тақырыптармен танысып қана қоймай, әртүрлі тапсырмаларды орындап, цифрлық сауаттылығын дамытады, – дейді Зарина. – Олар мен жасаған тапсырмаларды орындайды, түсініктемелер жазады және баға алады. Қолданба оқушылардың 24/7 әрекеттерін бақылауға мүмкіндік береді.

Зарина еліміздің үздік үштігіне кіру – ол үшін үлкен мәртебе екенін айтады. Бойжеткен алда әлі көптеген жеңістер болады деп үміттенеді және өз білімін балалармен және әріптестерімен бөлісуге дайын.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» олимпиадасы – бұл инновациялық алаң, онда қатысушыларға Қазақстанда білім беруді дамытуды жақсартуға ықпал ете алатын өзінің бірегей идеясын таратуға мүмкіндік беріледі. Олимпиаданың негізгі мақсаты – жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау; жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.