Қарағанды кітапханасында киіз басу бойынша шеберлік сабағы өтеді

Қарағанды кітапханасында киіз басу бойынша шеберлік сабағы өтеді

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 10 наурызда ескі киіз басу өнері бойынша тегін шеберлік сабағына шақырады. Этнодизайнермен, Еуразиялық Дизайнерлер одағының және Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі Евгения Шульцпен бірге оқушылар "Боз дала" атты үлкен кенеп жасауға мүмкіндік алады.

Қарағандылық суретші өз суреттерінде киіз басуды кескіндемемен байланыстырады. Жүннің әртүрлі реңктерінің көмегімен шебер пейзаждың барлық түстерін жеткізе алады.

– Көркем киіз техникасы өте қызықты. Шеберлік сабағында біз бірге үлкен сурет жасаймыз, оның көлемі 1,2 метр болады. Ыңғайлы болу үшін бірнеше үстел қойямыз. Бұл эскиздерсіз жасалатын авторлық жұмыс", – дейді Евгения Шульц. 

Өзіңізбен бірге ештеңе әкелудің қажеті жоқ. Барлық материалдарды шебер ұсынады.

Оқушылар жасайтын сурет суретшінің көрмелеріне міндетті түрде қатысады.

Басталуы 14:30.

Орындар шектеулі.

Жазылу телефондары: (8-7212) 41-23-25, 41-23-26.