
Ботақара кентінің Халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа көшті. Енді тұрғындар мемлекеттік қызметтерді бұрынғы қазынашылық мекемеге тиесілі болған жарқын, кең ғимаратында ала алады.

Қазыбек би, 47 көшесінде орналасқан екі қабатты ХҚКО ғимараты аудан әкімдігінің қолдауымен жөнделді. 300 шаршы метр аумақта халыққа қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасалған. Жаңартылған ХҚКО-да қызмет көрсету аймағы, күту, құжаттау және әлеуметтік қызметтер көрсету, дайын құжаттарды беру залдары, операциялық бөлме, сондай-ақ ана мен бала бөлмесі жабдықталған.
Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалған. Кіре берісте пандус, қоңырау шалу түймесі, арнайы орындық бар. Орталықта мүгедектігі бар адамдарға кезексіз қызмет көрсетіледі.

– Бұрын Ботақардағы ХҚКО шағын ғимаратта – 150 шаршы метр жерде орналасқантын. Ол жер тар болатын. Жаңа ғимарат жақсы жөндеуден өтті. Адамдар енді қызметтерді ыңғайлы жерде ала алады, – дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қарағанды облысы бойынша филиалының PR-менеджері Қуаныш Сейтханов. – ХҚКО жұмыс кестесі өзгерген жоқ: 09:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері – сенбі және жексенбі. Бұл аудандағы жалғыз орталық емес, Ғ. Мұстафин атындағы ауылда азаматтарға барлық мемлекеттік қызметтерді көрсететін халыққа қызмет көрсету секторы бар.
Ғимараттың екінші қабатында Жер кадастрының бэк-офисі де орналасқан.

Айта кетейік, 8 наурызда ХҚКО мен арнайы ХҚКО бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істемейді.

Наурыз мерекесінде орталықтар 21-25 наурыз аралығында азаматтарды қабылдамайды. Бұл ретте кезекші ХҚКО 9 және 25 наурызда сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесіне 26 наурызда оралады.
Естеріңізге сала кетейік, ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін, кезекшілер жұмыс күндері 20:00-ге дейін, ал сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан көруге, сондай-ақ 1414 нөмірі бойынша білуге болады.