
Қарағандылық әйелдер сауда орталығына барып, әлеуметтік және құқықтық мәселелер бойынша кеңес ала алады. Әлеуметтік жәрмеңке әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен ұйымдастырылды.

Мамандар «Таир» СОО кіреберісінің алдында орналасады.

Сондай-ақ мұнда баурсақтар таратылады.

Сонымен қатар балалардың аналарына арнап салған суреттері бар мольберттер қойылған. Сауда орталығына келген әйелдер қауымына мұндай тосынсый өте ұнады.

– Күтпеген тосынсый. Мұндай шара дайындап жатқанын білмедім. Көрме, тәттілер - мұның бәрі қатты қуантты. Тағы бір жағымды жағы: әртүрлі отбасылық мәселелер бойынша жүгінуге болады. Мен өзім үшін жаңа нәрселерді білдім. Мысалы, телефонға жүктеуге болатын SOS батырмасы бар мобильді қосымша жайлы білдім. Бұл қосымша балалардың қауіпсіздігі үшін де жақсы. Мен ол туралы туыстарыма айтамын, – деп бөлісті келушілердің бірі – Гүлмира Ахматжанова.

Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, тегін кәсіптік курстар, өз ісін ашуға арналған гранттар және т.б. туралы білуге болады. Денсаулық сақтау, білім беру, балалардың құқықтарын қорғауға қатысты сұрақтар қоюға мүмкіндік бар. Сауалдарға Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Ақылжанова, әлеуметтік қызметтер, мансаптық орталық, полиция және басқа да уәкілетті органдардың өкілдері жауап берді.

– 8 наурыз көктемгі мереке қарсаңында біз әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен қоғамдық орында әлеуметтік жәрмеңке өткізуді ұйғардық. Түрлі құрылымдар шақырылды: отбасын қолдау институты, психологтар, сот орындаушылары және басқалары. Бұл барлық мүмкін мәселелерді қамту үшін жасалды, - дейді Ләззат Ақылжанова. – Сонымен қатар, жас суретшілердің аналарға арналған суреттері таныстырылды. Мұндай көрме алаңдары үш сауда орталығында ұсынылды. Менің ойымша, әр ана үшін баласының шығармашылығын көру әрқашан жылулық пен бақыт сыйлайды.
