Қарағандылық велосипедшілер қала ішіндегі ерекше маршрутпен жүріп өтті

Қарағандылық велосипедшілер қала ішіндегі ерекше маршрутпен жүріп өтті

Қарағанды спортшылары Olympic day 2020 челленджін қолдады. Ел бойынша Акция Ұлттық Олимпиада комитетінің бастамасымен өтуде. Ерекше шеру Халықаралық олимпиада күніне орайластырылған, ол жыл сайын 23 маусымда атап өтіледі.

Челленджге велосипедшілер мен жүгірушілер қатысады. Тапсырмаға сәйкес Strava қосымшасын пайдалана отырып, Olympic day 2020 челлендж атауынан бір әріп немесе санды бейнелеп және бес сақинадан өту немесе жүгіріп өту қажет.

Жүгірістер жер серігі арқылы тіркеледі. Жасалған маршрут қосымшада көрсетіледі.

Қарағандылықтарға ең күрделі тапсырмалардың бірі бұйырды. Оларға 20 саны түсті. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александр Бекенов пен Эльвира Хамзина велосипедпен жүріп өтті. Спортшылар Азия чемпиондары болып табылады және осындай вело жарысқа бұрындары да бірнеше рет қатысқан.

- Осындай іс-шаралар спорттық рухты қолдайды. Маған осындай құрмет бұйырғанына қуаныштымын. Бұл үлкен түрткі, өйткені біраз уақыттан бері жарыстар болмаған еді, - деді Александр Бекенов.

Қарағандылық спортшы келесі аптада Алматыдағы жиынға аттанады.

Жиырма санын жүріп өту үшін велосипедшілер үлкен қашықтықты бағындырды. Маршрут үш даңғыл бойынша өтті: Бұқар жырау, Н. Назарбаев, Н. Әбдіров және төрт көше: Әлиханов, Жамбыл, Аханов, Шәкіров көшелері бойымен өтті.

Барлық өңірлерден бейне және фото алғаннан кейін материалдар телеарналарда және басқа да медиа алаңдарда одан әрі трансляциялау үшін құрастырылады және халықаралық олимпиада комитетіне құттықтау хаттарымен бірге жіберіледі.