
1 наурыз бен 30 маусым аралығында Қарағанды облысында әскерге мерзімді қызметке көктемгі шақыру науқаны өтеді. 18–27 жас аралығындағы мыңға жуық бозбаланы әскерге шақыру жоспарлануда.

Айта кету керек, мерзімді қызметтен кейін жеңілдікті шарттармен Қазақстанның 70-тен астам ЖОО-на түсуге мүмкіндік беріледі. Әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыстар басқармасының бастығы және Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Буксман Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте әскерге шақыру науқаны мен сарбаздарға арналған жеңілдіктер туралы айтып берді.
– 1 наурыздан бастап мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізіледі. Қазіргі уақытта біз ҰҚК Шекара қызметінің контингентін жинақтап жатырмыз. Бірінші жөнелту 6 наурызда болады. Қалалар мен аудандарда медициналық шақыру комиссиялары жұмыс істейді, – деді полковник Дмитрий Буксман. – Шақыру осы жылдың 30 маусымында өтеді. Қарағанды облысынан мыңға жуық адам қарулы күштер мен басқа да әскери бөлімшелер қатарын толықтырады. Отбасылық жағдайлар, денсаулық жағдайы, білімін жалғастыру үшін және басқа да себептер бойынша кейінге қалдыруға құқығы бар азаматтар шақырудан босатылады.
Мерзімді әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру үшін бүгінгі күні мерзімді әскери қызметшілерге кредиттік демалыс беріледі. 70-тен астам оқу орны ҚР ҚМ-мен мерзімді әскери қызмет өткергендерге оқу орындарына түсу кезінде қосымша жеңілдіктер беру туралы келісімге қол қойды.
– Мерзімді қызмет өткерген әскери қызметшілер ҰБТ нәтижелерін есепке алмай, осы 70 жоғары оқу орнына түсе алады. Жауынгерлік даярлықта, жүктелген міндеттерді орындау кезінде үздік нәтиже көрсеткендерге жоғары әскери тәртіп тек ҰБТ тапсырусыз ғана емес, сонымен қатар ЖОО есебінен де оқу құқығы беріледі, – деп атап өтті спикер.
Жеңілдіктер алу үшін мерзімді әскери борышын өтегендерге жоғары оқу орындарына құжаттардың тізбесін, ХҚКО-тан мерзімді әскери қызмет өткергені туралы анықтаманы, сондай-ақ әскери билеттің көшірмесін ұсынуы қажет.