Қарағанды медицина университетінің студенті мәнерлеп оқу байқауында Гран-при алды

Қарағанды медицина университетінің студенті мәнерлеп оқу байқауында Гран-при алды

Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы "Өлең, мен сені аялап өтем..." студенттер арасында ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды. 

Оған 26 студент қатысты. 

Олар үш өлеңді жатқа оқуы керек болатын.

Байқаудың бас жүлдесін Қарағанды медициналық университетінің студенті Мөлдір Ілияс жеңіп алды. А. Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің оқушысы Алтынай Марат бірінші орын алды. Екінші орында Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті  Ернат Аманжол. Үшінші орынды Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті Бекарыс Жақаба және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Жансая Жанатова өзара бөлісті.

Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Байқауға қатысушы Виктория Естремская, А. Сағынов атындағы ҚарТУ бірінші курс студенті қазақ тілін жетік біледі.

– Мен Нұра ауданы Ізенді ауылының тумасымын, сол жерде қазақ мектебінде оқыдым. Қазір университетте қазақ бөлімшесінде оқып жүрмін. Ұлы Абай Құнанбаевтың 26 өлеңі мен екі поэмасын жатқа білемін, Мұқағали Мақатаев пен Мағжан Жұмабаевты жатқа оқимын. Поэзияны жақсы көремін. Өлең оқығанда жаным тынышталады және бұл маған күш береді. Мұндай байқаулар өте қажет: олар есте сақтауды дамытады, сөздік қорды байытады және қазақ поэзиясын насихаттайды. Бұл байқауға мен Фариза Оңғарсынованың "Әке тұралы ой", "Өз өзімнен өртеніп барамынмын" және "Мен сонда жылап қалғам" сияқты өлеңдерін дайындадым. Бұл ақынның шығармашылығымен бұрыннан таныспын. Оның өлеңдері маған өте ұнайды және жақын", – деп бөлісті Виктория.