Қарағандылық еріктілерге алғыс хаттар табыс етілді

Қарағандылық еріктілерге алғыс хаттар табыс етілді

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ең белсенді қарағандылық еріктілерге Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттар табыс етті.  Олар BizBirgemiz республикалық қайырымдылық акциясына қатысты. Jas Otan жастар қанатының, Saryarqa Jastary штабының волонтерлері және Nur Otan партиясы филиалдарының қызметкерлері ТЖ режимінде облыстың мұқтаж тұрғындарына көмектесті. Өңірде барлығы 12 жарым мың отбасы 200 млн теңгеден астам көмек алды.

 - Дәл сіздер, еріктілер дәрігерлермен, полицейлермен, әскери қызметшілермен және короновируспен күрес бойынша алдыңғы қатарда тұрғандардың барлығымен қатар осы күрделі кезеңнің қаһармандарына айналдыңыздар. Мәдениет және спорт қайраткерлері, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер, өз туыстарын ғана емес, көршілерін де, жалғыз басты қарттарды да, көп балалы отбасыларын да қамқорлыққа алған адамдарға қол ұшын беруге үлкен үлес қосты, - деді Жеңіс Қасымбек. - Біз қайырымды істер, азаматтық жауапкершілік пен нағыз адами іс-әрекеттер барлығы үшін үлгі болғанын қалаймыз.

Өңірде ТЖ кезінде нағыз адамгершілікке толы шаралардың мысалдары көп болды. Облыстық штабтың еріктілері Теміртау қаласындағы орталық аурухананың қолдауымен Қарағандыға бір ай бойы анасын көрмеген 8 жасар баланы тасымалдады. Еріктілер мен демеушілердің күшімен көшеде қалған үш баласы бар отбасы үшін үй табылды. Оны жиһазбен, техникамен жабдықтап, білім беру басқармасымен бірлесіп балаларды қашықтан оқыту үшін жағдай жасап, интернет қосып, дербес компьютер орнатып берді.

Saryarqa Jastary штабының еріктісі Сымбат Әубәкірова бес жыл бойы адамдарға риясыз көмек көрсетіп келеді. Қыз бала айтқандай, еріктілік - бұл оның бүкіл өмірінің маңызды бөлігі болып табылады.

- Осы қиын кезеңде біз қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткіздік. Біздің демеушілеріміздің арқасында көптеген мұқтаж қарағандылықтар тегін азық-түлік себетін алды. Менің қолымнан келіп жатқан осы игі істерімді әрі қарай да жалғастырамын. Жақсы істер үшін ешқандай жас шектеулері жоқ, - деді Сымбат.

 Волонтерлік қозғалысқа белсенді қатысқаны және тұрғындарды қолдағаны үшін біздің облыстың 81 тұрғыны Елбасының Алғыс хатымен марапатталды. Жанашыр жандардың мекендері өңіріміз бойынша кең таралған - Қарағанды, Саран, Жезқазған, Сәтбаев, Теміртау, Приозерск, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы және Шет аудандары.

 - Сіздер үшін еріктілік қызмет атқару - қоғам игілігі үшін жасалып жатқан күнделікті еңбек. Мен сіздерге осы жалынды талпыныстарыңызды сақтап қалуды, жан-дүниенің тамаша ынтасын жоғалтпай, шабыт пен жігерді басқаларға көмектесу үшін жұмсауларыңызды тілеймін. Ал біз сіздерді қолдайтын боламыз, - деді Қарағанды облысының әкімі аймақтың еріктілеріне арнаған сөзінде.