
"Шалқыма" концерт залында 6 наурыз күні сағат 18:30-да Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің "Вальс кеші" атты концерті өтеді.

Оркестрмен бірге ҚР мәдениет қайраткерлері Меруеш Башай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов, республикалық байқаулардың лауреаты Дулат Аханов және Рысты Рахымжан өнер көрсетеді.
Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.
Бас дирижер – Мәдениет саласының үздігі Ерлан Бақтыгерей.
Анықтама телефоны: 41-13-14, 41-22-30.