Қарағанды бейнелеу өнері музейінде Алғыс айту күніне арналған көрмеде 200-ден астам балалар жұмыстары ұсынылды

Қарағанды бейнелеу өнері музейінде Алғыс айту күніне арналған көрмеде 200-ден астам балалар жұмыстары ұсынылды

Қарағанды облыстық мұражайында Алғыс айту күніне арналған "Ризашылық – мейірімділік бұлағы" атты көрме ашылды. Бұл "Тоғжан" балалар шығармашылық орталығының есептік экспозициясы.

Мұражай қабырғалары 4 жастан 17 жасқа дейінгі жас суретшілердің 200-ден астам суреттерімен безендірілді. 

Тақырыптар әртүрлі, бірақ барлық жұмыстар қызықты және түрлі-түсті.

– Біздің орталық 2021 жылы құрылған. Домбыра, бейнелеу өнері және тігін үйірмесі бар. Балалар жан басына қаржыландыру аясында тегін айналысады. Бұған дейін есеп беру көрмелері мен концерттер тек өз аумағымызда өткізгенбіз. Бұл біздің мұражайдағы алғашқы экспозициямыз және біз оны Алғыс айту күні секілді жылы көктемгі мерекеге арнадық, – дейді "Тоғжан" орталығының директоры Әсел Медеубаева.

Сегіз жасар Зере Мүрсәлім орталықта екі жылдан бері айналысып келеді. Жас суретші оның жұмысы мұражайға қойылғанына өте қуанышты.

– Маған сурет салу ұнайды. Менің картинам акварельмен боялған және "Мейірімділік" деп аталады. Мен планетаны және әртүрлі адамдардың қолдарын салдым. Бұл достық пен бейбітшілікті білдіреді, – дейді Зере.

Көрмедегі 11 сурет 10 жасар Бахтияр Ержановтың жұмыстары.

– Тақырыптар әртүрлі – жануарлар, адамдар, өсімдіктер. Мен үш жастан бастап сурет саламын. Екі жыл бойы "Тоғжан" орталығында оқыдым. Менің жұмыстарым алғаш рет мұражайдағы көрмеге қойылып отыр. Мен мұны мақтан тұтамын. Болашақта суретші болғым келеді, – дейді Бахтияр.

Сондай-ақ, көрмеде "Киім пішу және модельдеу" үйірмесінің тәрбиеленушілері орындаған ұлттық бас киімдерді көруге болады.

Экспозицияның ашылуында "Тоғжан" орталығының домбырашылар оркестрі өнер көрсетті.