
Бүгінгі таңда Қарағанды облысының медициналық ұйымдарына жалпы сомасы 5,9 млрд теңгеге 426 дәрі-дәрмек түрі берілді.
Облыстың медициналық мекемелеріне 2020 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында шамамен 11 млрд теңге көлемінде препараттар келуі тиіс. Қазіргі уақытта өңірдегі дәрі-дәрмектердің жылдық қажеттілігінің 54%-ы жеткізілді.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінің мәліметтері бойынша, жыл басынан бері пациенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға дәрі берілді.
Сонымен қатар, стационарлық көмекті қажет ететін өңір тұрғындары үшін 2020 жылға 8,5 млрд теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмек сатып алынды. Бүгінде стационарлар 4 млрд теңгеден астам сомаға препарат алды.
Сондай-ақ, дәрі-дәрмектер амбулаторлық ауруларға, яғни диспансерлік есепте тұрған және рецепт бойынша тегін дәрі-дәрмек алатын облыс тұрғындары үшін медициналық ұйымдарға жеткізілді.
«СК-Фармация» баспасөз қызметінің ақпараты бойынша