Василий Жиров Қазақстанға Балқаштағы жерлестеріне алғыс сөздерін жолдады

Василий Жиров Қазақстанға Балқаштағы жерлестеріне алғыс сөздерін жолдады

Атақты боксшы, "Балқаш жолбарысы" Василий Жиров мереке қарсаңында алғыс сөздерін жолдады. Ол анасына, жаттықтырушысына және Олимпиада биіктеріне көтерілуге көмектескендердің барлығына алғыс айтты.

"Мен ең алдымен сүйікті анам Репченко Нина Григорьевнаға алғысымды білдіргім келеді. Анашым, мен сізді жақсы көремін. Мен үшін жасаған барлық еңбегіңіз үшін, мен осындай дәрежеге жетіп, өскенім үшін алғыс айтамын!  Сондай-ақ, менің жаттықтырушым Александр Иванович Апачинскийге алғыс айтқым келеді, ол менің өсуіме, әлемдегі ең жақсы боксшы болуыма көмектесті және менің қазіргі белесіме көтерілуге мүмкіндік берді. Өмірімде болған барлық тәлімгерлеріме алғыс айтамын. Мені қатайтқан, мықты әрі сенімді еткен достарыма алғыс айтамын", – деді Олимпиада чемпионы бейне хабарламада.

Ол барлығына сәттілік тіледі.

Василий Жиров 1974 жылы 4 сәуірде Балқашта дүниеге келген. 11 жасында жаттықтырушы Александр Апачинскийге бокс секциясына келген.

Қазақстанда Алғыс айту күні көктемнің бірінші күні, 1 наурызда атап өтіледі.